Телефон: +7 7122 921100
Факс: +7 7122 306195
060011, Атырау, Қазақстан,
Сатпаев көшесі, 6 үй

Аты-жөні  
Телефон   Количество номеров   
e-mail  
    
Келген күні    Кеткен күні
 
 
 
Денсаулық клубы
Дені саудың жаны сау!
 

Сауна

Фин саунасы сергектік сыйлап,
күш-қуат береді!

Тренажер залы

Күш-қуатын арттырып,
денені жақсы қалыпта ұстауға
арналған құрал-жабдық

Массаж кабинеті

Массаждың барлық түрі.
Қайтадан дүниеге келіп,
өзінің күш-қайратын
сезінуі үшін
 
 

Тренажерзалы мен сауна

 

 

Жаттығу алдында:

Жаттығу алдында, ең алдымен, Денсаулық клубына бару ережелерімен және жаттықтырушының жұмыс принциптерімен танысу керек. Администратордың сізге нұсқап жіберуін сұраңыз.

Жаттығу алдында негізгі бұлшық еттерді жаттықтыратын қарапайым жаттығуларды жасаған дұрыс. Бұл сізді жүк түсіруге біртіндеп үйретеді.

 


Сауна

Жылыну органдар мен ағзаның жағдайына оң әсерін тигізеді, зат алмасуды күшейтіп, жүйке жүйесін тынышталдырады, сергектікті қалпына келтіріп, ойлау қабілеті мен ағзаның иммунитетін арттырады. Сауна атеросклероз, гипертонияның бастапқы кезеңі, ревматизм, диабет, бауыр ауруы, және басқа да көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланылады.

Саунаны қабылдау ережелері:

Сауна алдында душ қабылдап, бірақ, міндетті түрде сүлгімен құрғатып сүртіну керек, ешқандай жағдайда басты жууға болмайды, шаштарды қатты ысып кетуден қорғау мақсатында құрғақ ұстау керек.

1. Бастапқы жеңіл кіру: 3-4 минут

2. Саунадан шығып, салқын душ қабылдау(18°С)

3. Аздаған демалыс: 20-30 минут.

4. Екінші рет кіру: 10-15 минут.

Дене жайылып, саунаға екінші рет кіргеннен кейін неғұрлым салқын душ қабылдап, аздаған үзіліс (20-30 минут) жасауға болады. әрі қарай осылай қайталауға болады. Саунаны қабылдаудың барлық сеансы үш сағаттан аспауы тиіс.

Процедураны аяқтағаннан кейін қайтадан душ қабылдап, шашты жуу керек. Сауна қабылдау кезінде ағза су жоғалтып, тері құрғақ тартатындықтан, душтан кейін міндетті түрде ылғалдатқыш лосьонды немесе денеге арналған молочконы пайдаланыңыз. Киімді дене кепкен соң барып кию керек.

Нені білу керек?

Өзіңізбен бірге міндетті түрде сүлгі алып кіріңіз. Ол сізге жату немесе отыру үшін қажет болады. Басыңызды қатты ыстықтан сақтау үшін киіз қалпақ немесе қалың тоқылған қалпақ алып кіру керек.

Саунаға дейінгі және кейінгі тамақ пен сусын:

Саунаға дейін және одан кейін ауыр тамақ жеуге, сондай-ақ, спиртті ішімдіктер, соның ішінде, сыра ішуге жол берілмейді. Саунадан кейін ағзадағы сулы-тұзды балансты қалпына келтіру қажет, ол үшін су немесе шай ішеді.

 
© 2012
Все права защищены
Посещений:
Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!