![]() |
|
|
Atyrau Dastan Hotel - Dastan Hotels Group жобасы – Батыс Қазақстанда Атырау және Ақтөбе қалаларында орналасқан бизнес-класс отелдерінің қазақстандық желісі. Atyrau Dastan Hotel-де стандарттықтан «Президенттік люкске» дейінгі түрлі категориядағы 94 нөмір, мейрамхана қызметі тәулік бойына және талапқа сай қызмет көрсетеді. Ең заманауй талаптарға сәйкес жабдықталған конференц-залы іскерлік қызметіңізге қолдау көрсетіп, қамтамасыз етеді. Біз сіздің қауіпсіздігіңізге және ең озық жағдай туғызуға кепілдік береміз. Atyrau Dastan Hotel-де орнаған ахуалға сіз қазірден бастап-ақ үш деңгейлі виртуальдық тур арқылы ене аласыз. Онлайн-брондау еш қиындықсыз жүзеге асады. Atyrau Dastan Hotel жайлылығы жағынан 4 жұлдызды деңгейге сәйкес келеді. Нөмірлер Батыс Қазақстанның өте құрғақ ауа райында қажетті ауа салқындатқыштармен жабдықталған. Әрбір нөмірде сейф, фен, мини-бар, халат, Интернетке жоғары жылдамдықтағы қолжетімділік, спутниктік телевидение мен телефон бар. Оның орналасқан орны да маңызды: отель қала орталығына, Жайық өзеніне жақын жерге, халықаралық компания кеңселерімен көршілес, қалалық мұражайға, театрға жақын, сонымен бірге, әуежай мен теміржол вокзалынан 4-6 шақырым қашықтыққа қоныс тепкен. Бізбен байланысыңыздар, біз сіздерді барлық қажетті ақпараттармен қамтып, сіздер үшін ерекше жағдайлар туғызғанға қуаныштымыз, себебі, сіздердің жұмыстарыңыздың тиімділігі үшін жайлылықтың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Презентациялық ролик Қонақ үйде тұру ережелері
|
||||||||||||||||
|